Мамыр айының 9-12 күндері аралығында Астана қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Жезқазған қаласында ГАСТРОЛЬДІК САПАРЫ өтеді!
«Қаллеки» театрының ұжымы төрт күн бойы Жезқазған қаласының тұрғындары мен қонақтарына 4 қойылым және театр хорының концертін тарту етпек. Олардың қатарында: Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы, С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда» мелодрамасы, Э.Шмиттің «Хат» философиялық драмасы, С.Тұрғынбекұлының «Шәмші» элегиясы, сондай-ақ театр артистерінің «Гүл Көктем» атты концерті бар.
Спектакльдер С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры сахнасында өтеді.
Қойылымдар кестесі:
9 мамыр Ш.Айтматовтың «ҚЫЗЫЛ ОРАМАЛДЫ ШЫНАРЫМ» драмасы, режиссері: Т.Теменов.
10 мамыр С.Балғабаевтың «ҚЫЗ ЖИЫРМАҒА ТОЛҒАНДА» мелодрамасы, режиссері: Д.Серғазин.
11 мамыр Э.Шмиттің «ХАТ» философиялық драмасы, режиссері: Р.Махатаев.
11 мамыр С.Тұрғынбекұлының «ШӘМШІ» элегиясы, режиссері: Б.Ұзақов.
12 мамыр «Гүл Көктем» атты театр хорының концерті. Бас хормейстер – А.Жұмашев. Хормейстер – Е.Сансызбаев.
Басталуы 18:30-да.
Билеттер https://m.ticketon.kz сайтында сатылады!