Билет сатып алу
ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫ – ҮЗДІК ТЕАТР

«Қарагөз» спектаклімен  Ақтау қаласында өткен ІІІ Халықаралық «Әбіш Әлемі» театр фестиваліне қатысқан театр ұжымымызға  «Үздік театр» құрметі табысталды.

 

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған ІІІ Халықаралық «Әбіш Әлемі» театр фестивалі  өз мәресіне жетіп, салтанатты түрде шымылдығын жапты.

 

Биылғы фестивальге Қазақстанның бес театрынан бөлек, әлемнің түкпір-түкпірінен келген Иран, Татарстан, Қырғызстан, Грузия және  Монғолияның театрлары қатысты. Үздік театрлар қыркүйектің 27-30 аралығында салмақты қойылымдарды көрермен назарына ұсынды.

 

Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған бұл фестивальге театрымыздың ұжымы Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» қойылымын қойып, театр сарапшыларының жоғары бағасын алды.

 

Қазақ көрермендерінің қошеметіне бөленіп жүрген спектакльдің қоюшы-режиссеры – Гүлсина Мирғалиева, қоюшы-суретшісі – Қанат Мақсұтов,

киім суретшісі – Мадина Қосмағамбетова, музыкамен көркемдеген – Олжас Дәлелхан.

 

 

#Ұлттықтеатр

#Қарагөз

#ӘбішӘлемітеатрфестивалі