Рус Қаз Eng

Қаллеки театры үш елдің бірлескен халықаралық премьерасын ұсынады

30.01.2026

14–15 ақпан күндері елорда сахнасында Оңтүстік Корея, Ресей және Қазақстан театр әртістері бас қосатын «Париждегі екі әйел» халықаралық спектаклінің премьерасы көрерменге жол тартады.

Астанада үш елдің бірлескен жобасы – «Париждегі екі әйел» спектаклінің арнайы көрсетілімі өтеді. Қойылым екі кейіпкердің диалогы арқылы Кореяның тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалардың тағдырын, тарихи жады мен адамгершілік құндылықтардың сабақтастығын ашады.

1940-жылдардағы Парижде өрбитін оқиғада корейдің алғашқы кәсіби әйел суретшісі На Хэ Сок пен Чеховтың «Шие бағы» пьесасындағы Раневская бейнесі тоғысады. Нақты тарихи тұлға мен әдеби кейіпкердің кездесуі тәуелсіздік ұғымын жеке адам тағдыры тұрғысынан терең пайымдауға мүмкіндік береді.

Қойылымда Қазақстан атынан Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының актері Асылбек Қапаев пен актриса Ақмарал Танабаева, сондай-ақ Ресей мен Корея театрларының әртістері өнер көрсетеді. Спектакль Корея Республикасының азаттық алғанына 80 жыл толуына арналған және Корея Республикасының елшілігі жанындағы Корей мәдени орталығының қолдауымен өтеді

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?