«ҚАЛЛЕКИ ТЫНЫСЫ» ПРЕМЬЕРАЛАР АПТАЛЫҒЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ!

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай өткен «Қаллеки тынысы» спектакльдер апталығы өз мәресіне жетті.
2025 жылдың 21-27 наурыз күндері аралығында көрермен мен театр сарапшылары назарына 2024-2025 жылдар аралығында сахналанған премьералар көрсетілді. Атап айтқанда, «Жүрек сыры. Махаббатым сен», «Қарагөз», «Әйел құпиясы», «Ертегі түннің әуені», «Войцек», «Парасат майданы», «Фигароның үйленуі».
«Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруінің қорытындысы:
✅ Көрермен таңдауы бойынша:
– «Үздік актриса» номинациясы – Ақмарал Танабаева
– «Үздік актер» номинациясы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл
– «Үздік спектакль» номинациясы – «Қарагөз» спектаклі.
✅ Сарапшылар шешімі бойынша:
– «Театр тарланы» номинациясы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл
– «Үздік актер» номинациясы – Әнуар Бектас
– «Үздік актриса» номинациясы – ҚР еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина
– «Үміт» номинациясы – Марғұлан Наменов
– «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясы – Бәзіл Сұлтанғазы
– «Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі» номинациясы – Аяужан Малғаждарова
– «Сарапшылардың арнайы жүлдесі» номинациясы – Майра Омар
Әр қойылымға жан бітіріп, ықыласы мен қолдауын аямай, шығармашылық ұжымға шабыт сыйлайтын көрермендерімізге алғысымыз шексіз!