«ҚАЛЛЕКИ ТЫНЫСЫ» ПРЕМЬЕРАЛАР АПТАЛЫҒЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!

Көрермендердің таңдауы бойынша «Үздік актер» номинациясымен – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл марапатталды.
Өнерге деген адалдығыңыз бен сахнадағы шынайы ойыныңыз көрермен жүрегінен орын тапты. Шығармашылық табыстарыңыз еселене берсін! Барлық ұжым атынан құттықтаймыз!
Көрермендердің таңдауы бойынша «Үздік актриса» номинациясымен – Ақмарал Танабаева марапатталды.
Сахнадағы әр рөліңіз көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Бұл марапат – сол еңбектің лайықты бағасы. Жетістіктеріңіз еселене берсін!
Көрермен таңдауы бойынша «ҮЗДІК СПЕКТАКЛЬ» номинациясын «ҚАРАГӨЗ» трагедиясы жеңіп алды. Режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Г. Миргалиева. Авторы: М. Әуезов.
Ұлттық драматургияның жауһары саналатын бұл қойылымның көрермен жүрегінен орын тауып, ыстық ықыласына бөленіп жүргеніне бек қуаныштымыз!