27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай өткен «Қаллеки тынысы» спектакльдер апталығы өз мәресіне жетті.
2025 жылдың 21-27 наурыз күндері аралығында көрермен мен театр сарапшылары назарына 2024-2025 жылдар аралығында сахналанған премьералар көрсетілді. Атап айтқанда, «Жүрек сыры. Махаббатым сен», «Қарагөз», «Әйел құпиясы», «Ертегі түннің әуені», «Войцек», «Парасат майданы», «Фигароның үйленуі».
«Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруінің қорытындысы:
арапшылар шешімі бойынша:
«Театр тарланы» – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл
«Үздік актер» – Әнуар Бектас
«Үздік актриса» – ҚР еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина
«Үміт» – Марғұлан Наменов
«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» – Бәзіл Сұлтанғазы
«Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі» – Аяужан Малғаждарова
«Сарапшылардың арнайы жүлдесі» – Майра Омар
Құттықтаймыз!





