Билет сатып алу
«Қарагөз» спектаклі Ақтаудағы халықаралық фестивальде көрсетіледі

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 29 қыркүйек күні Ақтау қаласында өтетін ІІI Халықаралық «Әбіш әлемі» театр фестиваліне аттанады.

 

Арнайы қонақ ретінде шақырылған театрымыздың ұжымы М.Әуезовтің «Қарагөз» спектаклін көрермендер назарына ұсынатын болады.

 

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» (Шәкәрім) дегендей, режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мирғалиеваның қолтаңбасындағы ұлттық классика жауhарын тамашалауға шақырамыз!

 

29 қыркүйек сағат 19:00-де

Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының сахнасында