Билет сатып алу
ҚОРЖЫНЫМЫЗДА ТАҒЫ БІР ЖҮЛДЕ!

Ақтау қаласында өткен ІІІ Халықаралық «Әбіш Әлемі» театр фестивалінде театрымыздың актері Ержан Нұрымбет Амангелдіұлы «Түріксой Халықаралық ұйымының ТӨСБЕЛГІСІМЕН» марапатталды!👏

Ақтау қаласында өткен Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған ІІІ Халықаралық «Әбіш Әлемі» театр фестивалі бүгін өз мәресіне жетті.

Фестиваль нәтижесі бойынша Түріксой Халықаралық ұйымының хатшысы Раев Сұлтан Акимұлы театрымыздың актері Ержан Нұрымбет Амангелдіұлын Түріксой Халықаралық ұйымының төсбелгісімен марапаттады. Барша театр ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!

#Ұлттықтеатр
#Үздікспектакль
#Қарагөз