Рус Қаз Eng

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

04.07.2025

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры ұжымы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваны туған күнімен шын жүректен құттықтайды!

Құрметті Аида Ғалымқызы!

Өз өмірін ел мәдениетінің өркендеуіне арнаған Сізді осы айтулы күні ерекше ықыласпен құттықтаймыз.

Сіздің мемлекеттік қызмет жолындағы ұстанымыңыз, өнер мен мәдениет саласына деген қамқор көзқарасыңыз, жүйелі шешімдеріңіз — отандық руханияттың дамуына үлкен серпін беруде. Сіздің жетекшілігіңізбен еліміздегі мәдениет мекемелері жаңа белестерге көтеріліп, жаңа мүмкіндіктерге ие болуда.

Қалибек Қуанышбаев атындағы театр ұжымы Сіздің кәсіби тәжірибеңіз бен адами келбетіңізге үлкен құрметпен қарайды.
Театрымыздың шығармашылық дамуына және халықаралық дәрежеде танылуына жасаған қолдауыңызды біз жоғары бағалаймыз. Сіздің сеніміңіздің арқасында талай жас өнер иесі шабытына қанат бітіріп, үлкен сахнаға жол ашты.

Осы қуанышты күні Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен береке, алдағы қызмет жолыңызға толағай табыстар тілейміз. Еліңіздің алғысына бөленіп, абырой биігінен көріне беріңіз!

Құрметпен,
Қалибек Қуанышбаев атындағы
Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының директоры Ербол Қабылбеков.
Көркемдік жетекші Гүлсина Миргалиева

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?