Рус Қаз Eng

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

20.12.2025

Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің жетінші мәрте өткізіліп отырған «Сыншылар жүлдесі-2025» жылдың үздіктерін анықтады!

«Қазақстан театрлары – 2025» мониторингінің қорытындысы бойынша және «Театр сыншылары бірлестігінің» шешімімен «Жыл костюм суретшісі» номинациясының жеңімпазы театрымыздың «Romeo&Juliet» (Режиссері: У. Баялиев; Қоюшы суретші: Қ. Мақсұтов) спектаклінің киім дизайнын жасаған Ақбота Қапсалаң мен Жадыра Сахиева марапатталады!

Театр ұжымы атынан әріптестерімізді, шығармашылық топты, осы марапатпен шын жүректен құттықтаймыз! Биік шыңдар мен жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!

Спектакльге қосқан үлесі мен көрсеткен қолдауы үшін JADO сән үйіне ерекше Алғыс білдіреміз!

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?