Билет сатып алу
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ақтау қаласында өткен ІІІ Халықаралық «Әбіш Әлемі» театр фестивалінде театрымыздың актрисасы «Құрмет орденінің иегері Омар Майра Смахқызы Түрік мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін дипломымен марапатталды!👏

Ақтау қаласында өткен Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған ІІІ Халықаралық «Әбіш Әлемі» театр фестивалі бүгін өз мәресіне жетті.

Фестиваль нәтижесі бойынша Түріксой Халықаралық ұйымының хатшысы Раев Сұлтан Акимұлы театрымыздың актрисасы «Құрмет» орденінің иегері Омар Майра Смахқызын Түрік мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін дипломымен марапаттады. Барша театр ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!

#Ұлттықтеатр
#Үздікспектакль
#Қарагөз