Рус Қаз Eng

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

21.05.2025

21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін театрымыздың труппа жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі – Омарова Ләззат Жүнісқызы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Және де  театрымыздың реквизит бөлімінің басшысы Ермағамбетова Арай «Мәдениет саласының үздігі» атағымен марапатталды.

Сонымен қатар Мәдениет саласының үздігі, режиссер көмекшісі – Әлия Дәуітова «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық тілейміз!

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?