Рус Қаз Eng

Ұлы тұлғаға тағзым: Мұхтар Әуезов ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

28.03.2025

Бүгін Халықаралық театр күніне орай театр ұжымы қазақ әдебиеті мен драматургиясының алыбы, ұлт руханиятының шамшырағы Мұхтар Әуезовтің театр алдындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мұхтар Әуезов – қазақ театр өнерінің негізін қалаған тұлғалардың бірі. 1926 жылы тұңғыш кәсіби қазақ театрының шымылдығы «Еңлік – Кебек» пьесасымен түрілді. Қазақ сахнасында Әуезовтің «Айман – Шолпан», «Қарагөз», «Абай», «Түнгі сарын» сынды көптеген классикалық шығармалары қойылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді.

Бұл – сахна өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғаға деген құрметтің белгісі. Мұхтар Әуезовтің мұрасы – театр сахнасында мәңгі жаңғырып, көрермен жүрегінен орын таба бермек.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?