Билет сатып алу
15 наурыз – «Қайырымдылық күні»

15 наурыз Қазақстан халқы «Қайырымдылық күнін» атап өтуде.

Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған.

Сол себепті осы күні театр өнерінің асқақ шынарлары ардагерлер қауымын Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен-Сұңқар» спектаклінің арнайы көрсетілімін тамашалауға шақырдық. Кавказ халқында «Тауға жақындаған сайын оның биіктігін түсінесің» – деген мәтел бар. Осы керемет сөз біздің ардагер актерлерімізге қатысты айтылғандай, өйткені, сол тау секілді өміріне үңілген пендеге биіктей түсетіндей. Қастерлейміз, құрмет тұтамыз және мақтан етеміз!

Қайырымдылықтың ірі-ұсағы болмайды. Әрі қалтаңда ақшаңның болған-болмағаны да маңызды емес. Осы бір керемет қасиетімізді ұлықтау мақсатында бекіткен атаулы күннің мән-мазмұны да осында жатыр.