Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі мен тарихының нәтижесі.
16 желтоқсан – еліміздің қасиетті әрі қастерлі мерекесі. Сонау ғасырлар бойы қиындықты басынан өткерген халқымыз үшін тәуелсіз ел атану бізге берілген ең қымбат қазына. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстанның жоғарғы кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңың қабылдады. Еліміз өзінің көршілес елдермен даусыз шекарасы, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар ел атанды.
Еліміздің әсем де көрікті қалалары мен білім, ғылым, мәдениет, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Тәуелсіздігіміздің мерей тойы тұғырлы, баянды болсын! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін! Мереке құтты болсын.