Рус Қаз Eng

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық муызкалық драма театрының музейі сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін барлық келушілерге ашық болады.

17.05.2025

 

18 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  МУЗЕЙ  КҮНІНЕ ОРАЙ,

ҚАЛИБЕК  ҚУАНЫШБАЕВ  АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ  ДРАМА  ТЕАТРЫНЫҢ МУЗЕЙІ БАРЛЫҚ КЕЛУШІЛЕРГЕ  АШЫҚ  БОЛАДЫ

 

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық муызкалық драма театрының музейі сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін барлық келушілерге ашық болады.

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының музейі 2021 жылы театрдың 30 жылдық мерейтойына орай салтанатты түрде ашылды. Бұл — театр тарихын, өнер құндылықтарын, сахна мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге бағытталған рухани-мәдени кеңістік.

Музей экспозициясы театрдың алғашқы күндерінен бастап бүгінгі күнге дейінгі шежіресін қамтиды:

Театрдың негізін қалаушыларға арналған арнайы бұрыштар;

Әр жылдары қойылған спектакльдерден актерлердің түпнұсқа сахналық костюмдері;

Қойылымдарға қатысты афишалар, фотосуреттер, реквизиттер мен сирек кездесетін жәдігерлер; 

Театр сахнасында өнер көрсеткен тұлғалар туралы деректер сақталған.

Бұл музей — тек шежіре ғана емес, сонымен қатар, келушілерге театр өнерінің терең тынысын сезінуге жол ашатын рухани кеңістік.

Халықаралық музей күнінде келушілер үшін Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Асылболат Смағұловтың жеке сурет көрмесі және Қаллеки театрының негізін қалаушылардың бірі, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рымкеш Омарханқызының шығармашылық көрмесі арнайы ұйымдастырылады.

 

Өтетін күні/уақыты: 18 мамыр 10.00-18.00

Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры (Астана қаласы, Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)

 

 

Толық ақпарат үшін: kazteatr@mail.ru 

+ 7 705 9902595 (WhatsАpp)

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?