Бүгін Наурызнаманың бесінші күні – «Ұлттық киім күні» құтты болсын! Ұлтымыздың ұлылығын айқындап, өз құндылығын жоғалтпаған. Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды жоғалтпай айшықтап тұратын символ.
Ұлттық киім – бай тарихи, мәдени мұра. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Ұлттық киім-кешектерімізді өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өзгеріссіз жеткізе білу біздің міндет.
Айтулы күні театрымыздағы әкімшілік қызметкерлері Ұлттық киім киіп, бүгінгі мерекені атап өтті. Ұлттық нақышты дәріптеу мақсатында «Ұлттық киім күні» тақырыбында челленджді қабыл алдық.