Жаңару күні әр өңірде жаппай ағаш отырғызу, тазалық жүргізу шарасы ұйымдастырылуда. Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театр ұжымы да бұл игі істен қалыс қалмауды ұйғарды.
Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.
Жаңару сөзбе-сөз мағынада да, қоғамдық-саяси тұрғыда да «өмірдің жаңаруын» бейнелейді. Табиғат өздігінен жаңарып, түлей алмайды, яғни, жалғыз жаңара алмайды. Сондықтан жаңару күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді.