Бүгін, 15 ҚАЗАН – Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының негізін қалаған режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЖАҚЫП ОМАРҰЛЫ дүниеге келген күн!
🎞1990 жылы режиссер Жақып Омаров Целиноград ауданы – Ақмола облысында қазақ театры шаңырағын көтеріп, болашақ жаңа астананың қақ ортасынан ұлт драма өнерінің төл отауын салып берді.
1991 жылы 15 қарашада Жақып Омарұлы сахналаған Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясы театр шымылдығын ашты.
Жақып Омарұлы есімі, еңбегі, өзі қалаған киелі шаңырақ – Қалибек Қуанышбаев театрымен бірге, оның төрінде мәңгі жасай бермек!