21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

Сіздерді 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл — ұлттың рухани байлығын дәріптеп, мәдени мұрамызды келер ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға көрсетілер зор құрметтің мерекесі. Театр, музыка, кітапхана, музей және өзге де мәдениет ордаларында жұмыс істейтін әріптестеріміздің кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегі — еліміздің рухани дамуының берік негізі.
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры ұжымы барша сала мамандарына зор денсаулық, сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс және жаңа белестер тілейді!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ұжымы