Рус Қаз Eng

27 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 

28.03.2025

Театр – рухани кемелдік пен мәдениеттің қайнар көзі, көрерменнің жүрегіне жол тауып, санасына сәуле құятын киелі өнер. Бұл күн – сахна саңлақтары мен өнерсүйер қауым үшін ерекше мереке.

Сахнаға жан бітірген талантты әртістер мен шығармашылық ұжымның еңбегі ерен. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, көрерменге қуаныш сыйлайтын театр өнері жасай берсін! Осы жолда барша театр жанашырларына шабыт, шығармашылық табыс, жаңа белестер мен толассыз қошемет тілейміз!

Өнерге деген махаббатымыз мәңгілік болсын!

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?