1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялылары қуғын-сүргін құрбанына айналды. Зерттеушілер деректеріне сүйенсек, осы кезең аралығында Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Жалпы, 1930-1953 жылдар аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударған.
Адамзат баласы өз өткенін,тарихын ешқашан ұмытпауы керек. Бүгінде, біз, тәуелсіз ел ұрпақтары жазықсыз жала жабылып, қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларды мәңгі есімізде сақтап,құрметтейміз!