Билет сатып алу
“DALA DAUYSY” Республикалық конкурсына құжат қабылдау басталды

ЖАҢА ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫ АВТОРЛАРЫН ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА

Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанрларындағы шығармалар мен олардың авторларын қолдау мақсатында «DALA DAUYSY» республикалық конкурсын жариялады. Жалпы жүлде қоры 47 млн теңге.

Республикалық «Dala dauysy» конкурсының негізгі мақсаты – мәдени мұрамызды сақтау, қайта жаңғырту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері бағытында жаңа туындыларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2024 жылы 1 сәуірден бастап қазан айының 1-не дейін қабылданады.

Жүлде қоры 47 млн теңгені құрайтын конкурста 5 номинация бойынша 15 сыйлық тағайындалды. Жеңімпаздар «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», эстрада жанрындағы «Республика әні», Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2 арнайы жүлдесі номинациялары бойынша 2024 жылдың қазан айында марапатталады.

Жеңімпаздар мен лауреаттарды Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен арнайы құрылған қазылар алқасы жабық түрде анықтайды. Байқаудың ерекшелігі – қатысқан авторлардың да, олардың жұмысын сараптаған қазылар алқасының құрамы да соңғы сәтке дейін құпия болады.

Конкурсқа кімдер қатыса алады

Конкурсқа соңғы 2 жылда жазылған және Конкурсқа Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін (2024 жылғы 1 сәуір) көпшілік алдында кеңінен орындалмаған авторлардың туындылары қатысады.

Авторлардың туындыларына осы Қағидаларда көрсетілген екіден артық емес номинацияларға қатысуға рұқсат етіледі. Әр номинацияда бір Қатысушы тек бір туындыны ұсынады.

Жеңімпаздар қалай таңдалады

Конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттарын Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен арнайы құрылған қазылар алқасы айқындайды.

Үміткерлерге құжаттарды қалай тапсыруға болады

Өтінімдер мен қосымша материалдар қағаз жеткізгіште Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1 мекенжайы бойынша № 229 кабинетте қабылданады. Жұмыс күндері сағат 9.00 – ден 18.00-ге дейін.

Қатысушылар үшін құжаттар мен материалдар тізбесі

Конкурсқа қатысуға арналған барлық материал № 1 Конвертте (ЕМS-пошта стандартына сәйкес) № 2 Қосымшаны қараңыз және № 1 Конвертке салынған № 2 А5 өлшемді Конвертте (№ 3 Қосымшаны қараңыз) жіберіледі:

1) № 1 Конвертке Конкурс талаптарына сәйкес қоса берілетін барлық материалдар салынады;

2) № 2 Конвертке № 2 Өтінім (№ 3 қосымшаны қараңыз), Қатысушы туралы шынайы деректер мен байланыс нөмірлер салынады. № 2 Конверт Конкурстың қорытындысы бойынша ашылады.

Конкурсқа қатысу үшін Қатысушылар 2024 жылғы 1 сәуірмен
1 қазанға дейін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес нысан бойынша келесі материалдарды қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға шығармашылық бүркеншік атпен №1 Өтінімді (№2 қосымшаны қараңыз) жібереді:

«Үздік фольклорлық музыка» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:

  1. партитура және/немесе клавир (PDF форматы)
  2. туынды мәтіні (Word форматы, Courier New – қарпінде, 12 өлшемде, жоларалық интервал – біркелкі);
  3. туындының аудиожазбасы MP3 және USB форматында болуы керек;

«Үздік классикалық музыка» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:

  1. партитура және/немесе клавир (PDF форматы)
  2. шығарманың цифрлық демонстрациясы және/немесе аудиожазбасы MP3 және USB форматында болуы керек

«Үздік драматургиялық туынды» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:

  1. ұзақтығы 90-120 минут болатын екі актілі туынды мәтіні
    (А4 форматы, Courier New – қарпінде, 12 өлшемде, жоларалық интервал – біркелкі).

«Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:

  1. опера және балет жанрлары үшін шығарманың партитурасы PDF форматында, шығарманың цифрлық демонстрациясы және/немесе аудиожазбасы MP3 және USB форматында болуы керек;
  2. шығарманың либреттосы (Word форматы, Courier New – қарпінде, 12 өлшемде, жоларалық интервал – біркелкі);
  3. мюзикл жанры үшін шығарманың цифрлық демонстрациясы және/немесе аудиожазбасы MP3 және USB форматында болуы керек.

Эстрада жанрындағы «Республика әні» номинациясы бойынша Өтінімге келесі қосымша материалдар қоса жолданады:

  1. партитура және/немесе клавир (PDF форматы)
  2. шығарманың цифрлық демонстрациясы және/немесе аудиожазбасы MP3 және USB форматында болуы керек.
  3. туындының мәтіні (Word форматы, Courier New – қарпінде, 12 өлшемде, жоларалық интервал – біркелкі);

№ 2 Өтінімді (№ 3 Қосымшаға қараңыз) келесі материалдарды қоса бере отырып жібереді:

  1. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (А4 форматта);
  2. шығармашылық өмірбаян (А4 форматта);
  3. Қатысушының түрлі-түсті фотосуреті (13х18 см өлшемде);
  4. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде дербес шоттың болуы туралы анықтама (А4 форматта);
  5. авторлық құқықты тіркеу және қорғау туралы анықтама (А4 форматта).

Қосымша ақпарат:

Ұйымдастыру комитеті – Ибраев Олжас Қанатұлы

+7 7172 270235, +7 702 842 17 80

«Үздік фольклорлық музыка» номинациясы бойынша –

Айжан +7 775 826 75 20

«Үздік классикалық музыка» номинациясы бойынша –

Хадиша +7 708 501 24 13

«Үздік драматургиялық туынды» номинациясы бойынша –

Айгерім +7 702 857 51 61

«Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы» номинациясы бойынша

Риза +7 778 364 33 03

Эстрада жанрындағы «Республика әні» номинациясы бойынша

Жәңгір +7 702 249 46 62