XXXIV театр маусымының жабылуы.

Құрметті көрермен!
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры XXXIV театр маусымын дәстүрге сай, қазақ драматургиясының жауһары Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясымен шымылдығын жабады. Сіздерді XXXIV театр маусымының жабылуына арналған «Абай» трагедиясын тамашалауға шақырамыз.
Авторы: Мұхтар Әуезов
Қоюшы режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков
Ұлы ақын, дана ойшыл, қазақ руханиятының шамшырағы Абай Құнанбайұлының тағдыры ғасырлар бойы өзектілігін жоймаған терең тақырып. Әуезов шеберлігімен жазылған бұл трагедияда Абайдың әділет жолындағы күресі, туған халқы үшін жан ауыртуы, адамзаттық мұрат жолындағы тартысы көркем бейнеленеді.
Жаңа маусымда жаңа қойылымдармен, жаңа шабытпен қайта қауышқанша!
Мекен-жайымыз: Астана қаласы,
Қалибек Қуанышбаев көшесі, 8/1
Онлайн билеттер: ticketon.kz және www.kaztheatre.kz сайтында сатылымда!
КАССА: +7(7172) 24-83-23