Доспаев Дәулет Сатылғанұлы
Доспаев Дәулет Сатылғанұлы — 1991 жылдан 2012 жылға дейін Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының бас суретшісі болып қызмет етті. Театр өнерімен шығармашылық тұрғыда айналысқан жылдар ішінде ол көркемдік деңгейі жоғары, өзіндік қолтаңбасы мен айшықты стилі бар жүзден астам спектакльдің қоюшы-суретшісі атанды.
Оның сахналық жұмыстары терең ойымен, көркем шешімдерінің дәлдігімен және бейнелік мәдениеттің биік деңгейімен ерекшеленеді. Доспаев Дәулет Сатылғанұлының еңбегі театр сыншылары мен әріптестері тарапынан жоғары бағаланып, көрерменнің де ыстық ықыласына бөленіп келеді.
Театр өнерімен айналысқан уақыт ішінде көркемдік деңгейі жоғары, театр сыншылары оң бағасын берген, жүзден астам қойылымның қоюшы суретшісі болды.
Атап айтсақ: М. Карим «Тастама отты Прометей», Э. Де Филиппо «Цилиндр», М. Әуезов «Абай», «Айман – Шолпан», «Қаракөз», «Еңлік-Кебек», «Қара қыпшақ – Қобыланды», Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Ақан Сері – Ақтоқты», Ш.Айтматов «Ана – Жер Ана», «Ғасырдан да ұзақ күн», У.Шекспир «Гамлет», «Ромео мен Джульетта», А.Чехов «Ваня ағай», С.Жүнісов «Жаралы гүлдер», Т.Ахтанов «Күшік күйеу», С.Назарбекұлы «Махамбет», М.Шаханов «Желтоқсан рухы», Дж.Патрик «Қымбатты Памелла», Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер», А.Дударев «Кеш», М.Фриш «Дон Жуанның думаны».
Театр сахнасын түрлендіріп, ұлттық өнердің көркемдік шеберлігін жаңа белеске көтерген талантты суретшінің еңбегі – театр мәдениетінің айрықша байлығы. Бірнеше халықаралық, республикалық және қалалық театр фестивальдерінде оның қоюламалары бас жүлделерге ие болды.
Доспаев Дәулет Сатылғанұлының еңбегі — театр өнерінің өркендеуіне қосылған зор үлес, кәсіби шеберліктің, адалдық пен таланттың айғағы.
Қаллеки театрының ұжымы Дәулет Сатылғанұлының есімін әрдайым құрметпен еске алып, рухына тағзым етеді.
Оның өнерге сіңірген еңбегі мен көркем мұрасы — ұрпақ жадында мәңгілік сақталады.

