Рус Қаз Eng

Мырзақұлова Маралжан Қазбекқызы

М.К. Мырзакулова — халық аспаптар оркестрінің негізін қалаушы, талантты дирижер, ұстаз, халықаралық конкурстардың лауреаты.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры жанындағы халық аспаптар ансамблінің жетекшісі және бас дирижері.

1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына домбыра мамандығы бойынша профессор Б.Т. Ысқақовтың сыныбына, ал «Дирижерлеу» мамандығы бойынша профессор Нүсіпбаевтың сыныбына оқуға түседі.

1999 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық музыка академиясына ауысып, 2001 жылы аталған оқу орнын «Оркестр әртісі», «Қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері», «Концерттік орындаушы», «Оқытушы» біліктіліктерімен аяқтайды.

2001 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ ұлттық музыка академиясының композиция және оркестрлік дирижерлеу кафедрасында оқытушы болып қызмет атқара бастайды.

Сол жылы колледждің қазақ халық аспаптар оркестріне жетекшілік ету міндетін де қатар алып жүреді.

Жетістіктері:

  • 1999 ж. — Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясы ұйымдастырған жас симфониялық оркестр дирижерлері байқауының лауреаты (Алматы қ.).

  • 2000 ж. — III Халықаралық “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты (домбыра номинациясы, Астана қ.).

  • 2001 ж. — Шамғон Қажығалиев атындағы І Республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты (Орал қ.).

  • 2004 ж. — Нұрғиса Тілендиев атындағы I Республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты (Алматы қ.).

  • 2008 ж. — Нұрғиса Тілендиев атындағы I Халықаралық дирижерлер конкурсының лауреаты (Астана қ.).

  • 2011 ж. — Боздақ Рзаханов атындағы І Республикалық дирижерлер конкурсының лауреаты (Ақтау қ.).

  • 2001 – 2025 жылдары Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театрының бас дирижері қызметін атқарды.
  • 2021 жылдың ақпан айында М.К. Мырзакулова театр жанынан халық аспаптар ансамблін ұйымдастырып, бұл Қазақстанның музыкалық өміріндегі елеулі оқиғаға айналды. Қысқа уақыт ішінде ансамбль жоғары кәсіби ұжым ретінде қалыптасып, театр актерлерімен тығыз шығармашылық ынтымақтастық орната білді. Тыңдаушыларын үнемі жаңа концерттік бағдарламалармен қуантты.
  • 2021 жылдың 2 маусымында Қаллеки театрының халық аспаптар ансамблінің тұсаукесер концерті өтті.

М.К. Мырзакулова – өз ісіне берілген, кәсіби шеберлігімен қатар, әріптестері арасында зор беделге ие маман болды.

2025 жылы 8 сәуірде дүниеден өтті.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?