Билет сатып алу
  • Жанр: трагедия

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «БАЯН СҰЛУ – ҚОЗЫ КӨРПЕШ» спектаклінің ПРЕМЬЕРАСЫН ұсынады.

Маусым айының 17-18-19 күндері сағат 19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында Ғ.Мүсіреповтің «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» спектаклінің премьерасы өтеді. Режиссері – Гүлнәз Балпейісова. Дирижер – Маралжан Мырзақұлова. Композитор – Олег Синкин. Қоюшы суретші – Қанат Мақсұтов. Киім суретшісі – Алма Сырбаева. Жарық қою бойынша суретші – Нарек Туманян. Хореограф – Ильмира Имангазина.

Талай жан оның жайын ұға алмаған,
Ойсыздың жүрегіне жұға алмаған…

Қазақ драматургиясының зор мұрасының бірі – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» туындысы жас режиссер Гүлнәз Балпейісованың режиссерлік нұсқауында заманауи бағытта қалың көрерменге ұсынылмақ. Гүлнәз Балпейісова әлемдік режиссураның алыбы, реформатор Римас Туминастың төл шәкірті. Бүгінде Мәскеудің Е.Вахтангов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының жетекші режиссерлерінің бірі ретінде табысты қызмет етіп жүрген талантты ару Қаллеки театрына арнайы шақырылды. Қойылымға дайындық жұмыстары екі ай уақыт жүргізілді.

  • Спектакльдің актерлік құрамы:
  • Қозы Көрпеш – Марғұлан Наменов
  • Баян Сұлу – Ақниет Орынтай
  • Мақпал – Алтынай Нөгербек
  • Күнікей – Арай Амантауова, Айнұр Жетпісбаева
  • Таңсық – Бегімнұр Қалила
  • Қарабай – Жанқалдыбек Төленбаев, Жасұлан Ерболат
  • Жантық – Олжас Жақыпбек, Әнуар Бектас
  • Қодар – Бекарыс Шалқар
  • Айдар – Қайыржан Садықов
  • Таңқы – Ақжол Мамыр
  • Жарқын – Шах-Мұрат Ордабаев
  • Жолбарыс – Нұрсұлтан Есен
  • Қыздар – Бегімнұр Қалила, Маржаннұр Макибаева