Билет сатып алу
  • Жанр: трагедия
  • Қоюшы режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай
  • Қоюшы суретші: Берік Бурбаев
  • Дыбыс режиссері :Ләззат Қыстықбаева
  • Режиссердің ассистенті : Сырым Қашқабаев
  • Режиссердің көмекшісі: Әлия Дәуітова
  • Театрдың көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай

Қазақтың ұлт ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулеттің «Зере» атты драмасы кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» атты роман-эпопеясынан бек таныс классикалық кейіпкерлерді көрермен қауыммен қайта жүздестіреді. Алып анадан туады. Абайдың әкесі Құнанбайдың ағасұлтан болмас бұрын, жас шағында дана, мейірбан анасы Зереден алған тәлім-тәрбиесі тектіліктің нышанына айналады. Зере – от басы, ошақ қасындағы өктем бәйбіше ғана емес, елінің мұң-мұқтажын, қайғы-қасіретін көре білетін дана, мейірбан ана.

Отаршылдықтың қамыты азат басқа киілгенде елдік рухты жоғалтпай сақтайтын кие қазақ аналарының бойында ежелден бар екенін ақын ақ өлеңмен, кейіпкерлер табиғатын тани білуімен бере алған.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:
ЗЕРЕ Гүлжан ӘспетоваҚазақстанның Халық артисі
ҚҰНАНБАЙ Сырым ҚашқабаевҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
КЕҢГІРБАЙ БИ Жанқалдыбек ТөленбаевҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жәнібек Мұсаев
БЕКТЕМІР
Зеренің әкесі
Кеңесбай НұрлановҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Дастан Әлімов
ҰЛЖАН Сая ТоқманғалиеваҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері
Жанар Қасымова
АБАЙ Жанат ОспановҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері
ОСПАН Нұрсұлтан Есен
КӨКІ БӘЙБІШЕ Бақыт ИсабековаҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
ЫРҒЫЗБАЙ ЕМШІ Олжас ЖақыпбекҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері
БӨЖЕЙ Боранбай МолдабаевҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Мейрам ҚайсановҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
БАЙСАЛ Жәнібек Мұсаев
Самат Байыров
ҚАРАТАЙ Асылбек Қапаев
Қасымхан Бұғыбай
ТЫРЖЫҚҚЫЗ Айман АймағамбетҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Айшолпан Ибраева
ЖӘЛМЕНКҮЛ Алтынгүл СеркебаеваҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері
Ботагөз МақсұтоваҚР Жастар Одағы сыйлығының иегері
ҚАРАХАН Жасұлан ЕрболатҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері
Аманжол Молдахмет