Билет сатып алу
  • Жанр: комедия
  • Қоюшы режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов
  • Қоюшы суретшісі: Берік Бурбаев
  • Хореограф: Салтанат Жолымбаева
  • Музыкамен көркемдеуші: Қайрат Тоқымбетов
  • Әндердің сөзін жазған : Қанат Жүнісов
  • Дыбыс режиссері: Гүлнафис Әминова
  • Режиссердің ассистенті: Айнұр Бермұхамбетова
  • Режиссер көмекшісі: Арай Амантауова
  • Театрдың көркемдік жетекшісі : Қазақстанның Халық артисі, профессор Талғат Теменов

Оқиға – Астана қаласында тұратын зиялы отбасының тағдырын суреттейді. Астана төріндегі жоғары оқу орнының бірінде профессорлық қызмет атқаратын Мұхамбет пен жары Сүйімханның Дездемона атты қыздары болады. Бар мәселе – Дездемонаның қазақша бір сөз білмеуінде. Күндердің күнінде Мұхамбет пен Сүйімхан шетелге демалуға бармақшы болып, Дездемонаны кіммен қалдырарын білмей, бастары қатады. Бақытқа орай, сол кезде ауылдан көптен күткен Болдуқан әпкелері келіп қалады. Дегенмен мәселе шешіле қоймайды, себебі Дездемона – қазақша, ал әпкесі орыс¬ша білмейді. Осы сәтте ата-аналары екеуіне тілмәш жалдауға бел буады. Тығырықтан шығудың жолы осы… «Тіл табысқандар» қойылымы тек қана тіл мәселесін ғана емес, қазақ жұртының алтын бесік – ауыл өмірінен алшақтап жатқанын көксегенін айтады.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:
БОЛДЫХАН Жанат ЧайкинаҚазақстанның еңбек сіңірген артисіКүлия ҚожахметоваҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
АСҚАР АҚМОЛТАЕВ Олжас ЖақыпбекҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегеріЖанат ОспановҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері
МҰХАМБЕТ СЫЙҚЫМБАЕВ Мейрам ҚайсановҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
СҮЙІМХАН Айнұр БермұхамбетоваҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріБотагөз МақсұтоваҚР Жастар Одағы сыйлығының иегері
ДЕЗДЕМОНА Ақмарал ТанабаеваАлтынгүл СеркебаеваҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері
Спектакльдің премьерасы 2014 жылы 1 шілде күні өтті