Билет сатып алу

Премьера!

««Қыз жиырмаға толғанда»»

Автор: Сұлтанәлі Балғабаев

Режиссер: Дәурен Серғазин

Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов

Киім үлгісінің суретшісі: Алма Сырбаева

Актерлік құрам: Алтынай Нөгербек, Бегімнұр Қалила, Әбілмансұр Серіков, Арай Омарова, Олжас Жақыпбек, Жанат Оспанов, Ботагөз Мақсұтова, Динара Егубаева, Қобыланды Болат, Аяужан Малгаждарова, Бәзіл Сұлтанғазы, Ақжол Мамыр.

Жанр: мелодрама

Премьерасы өткен күн: 11-12 наурыз 2023 ж

Ұзақтығы: 105 мин

Жас ерекшелігі: 12+

С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда» пьесасы Жібек есімді кейіпкердің 20 жасқа толған туған күн кешінде болған оқиғалар негізінде өрбиді. Туындыда ұлы сезім махаббат мәселесі қозғалады. Қала мен ауылдағы сезім турасындағы қайшылықты ойлары, түсініспеушіліктер басты қақтығыс тудырады. Үлкен буын мен жастардың махаббатқа қатысты қарым-қатынастары, отбасылық тұтастық терең зерделенеді.

Риясыз көңіл мен қызғаныш, шындық пен жалған, адалдық пен арамдық арпалысқа түскен «Қыз жиырмаға толғанда» мелодрамасында шынайы махаббат әспеттеліп, әділеттілік салтанат құрады.