Ұлттық құндылығымыз ақ өлеңнің құдіретін паш етіп, қызыл тілдің майын тамызған Қ.Жетпісбаевтың «Бала мерген» ертегісі жаңа өскін балауса буынның сана-сезімін оятып, патриоттық сенімін қалыптастырып, қиял көкжиегін кеңейтеді, адамгершілікке баулиды.
Бұл ерекше қойылымда музыкалық ансамбльдің сүйемелдеуімен әлемдік хиттер мен классикалық музыканың әуені арқылы әр түрлі ертегілер баяндалады. Шығарма балаларды ертегінің сиқырлы әлеміне жетелей отырып, олардың қиялын дамытып, ой-өрісін кеңейтеді.
«Оскар және Алқызыл бикеш» шығармасы кең таралған туындылардың бірі. Француз жазушысы Эрик-Эмманюэль Шмиттің аталған туындысында қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалады. Адамдардың бойынан мейірім, қайырым, сүйіспеншілік қасиеттері жоғалған, қазіргі уақытта, бұл шығарманың маңызы, мәні зор болмақ.
«Келешегі жоқ» бүгінгі ауылдың күйі. Онда тек балаларынан хат-хабар күтетін қарттар ғана қалған. Бар ермектері – құдықтан су тарту... Дударевтың «Кеш» спектаклін тамашалай отырып, Жаратушының адамды жер бетіне жіберуінің мақсаты – жұдырықтай жүрегінің жылуымен осынау суық дүниені жылыту екен-ау деген ойға қаласыз...
Өткен уақытқа өкініш бар ма? Бәрі Алланың ісі. Қазақты қашан сыртқы жау алып еді… Ата-бабаның салтынан аттап шариғатты бұзған имансыз, ел естімеген сұмдыққа барған азғынды қазір болса да аяман. Өңешін өз қолыммен суырып алар едім. Алдағы сергелдең заман болжаусыз қара мұнар дәуірге өзімнің жұтылып бара жатқанымды анық сезем. Не амал бар? Шығар жол қайда?