Билет сатып алу
Омар Майра Смахқызы

Омар Майра Смахқызы – 1958 жылы 27 қазанда Көкшетау облысы, Қызылту ауданында дүниеге келген.

1976 жылы №2 қазақ орта мектебін бітіріп, сол жылы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры жанындағы театр студиясына түсіп,  1978  жылы қызыл дипломмен бітірді.

1978-1979 жылдары Талдықорған облыстық драма театрының актрисасы;

1979-2009 жылдар аралығында Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық  қазақ драма театрының актрисасы;

1994-1996 жылдары Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі.

Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжінде ұстаздық қызмет

атқарды.

2010 жылдың 5 қаңтарынан елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы    мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында сомдаған рөлдері: С.Жүнісов «Өліара» – Күләнда;  Б. Римова «Абай – Әйгерім» – Айғыз; М. Байжиев «Қалыңдық пен күйеу» – Қалыңдық; С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Нигора; Т. Брандес «Мен сіздің әпкеңізбін» – Энни;

Табукашвили «Арманымның ақ құсы» – Елена; Ж. Мольер «Ақымақ болған басым-ай» – Клодина; Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Найман Ана; Ш.Айтматов – «Ақ кеме» – Бұғы Ана; Қ. Шаңғытбаев, Қ. Байсейітов «Беу, қыздар-ай» – Күнсұлу; Т. Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» – Күйкетай; М. Әуезов «Еңлік-Кебек» – Еңлік; М.Әуезов «Қилы заман» – Ана; «Дос – бедел дос» – Гүлжан; Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» – Мақпал; Ғ.Мүсірепов «Махаббат дастаны» – Күнікей; К. Ашир «Қабыл – Адам ата перзенті» – Хауа Ана; Е.Замятин «Еділ патша» – Ильдихо; Б. Майлин «Сабатажж» – Қалампыр; М. Мақатаев «Қош, махаббат» – Бану;    Ж. Аймауытов «Махаббат мұңы» – Шекер;  Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» – Рахия; Т. Мурод «Ат жылаған түн» – Қымбат;  М. Гаппаров «Тұзды шөл» – Рәбия; Гоцци «Турандот ханшайым» – Зелима;А. Сүлейменов «Жетінші палата» – Жамал; «Қыздай жесір – Штат қысқарту» – Үрия; Қ. Мұқамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесу» – Алма; Н. Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» – Қарлығаш;

Б. Мұқай «Сергелдең болған серілер» – Сайраш; Хикмет «Фархат-Шырын» – Сербиназ; Покровский «Жуастан жуан» – Қырмызы; С. Санбаев «Бір құты мұнай» – Петра;А. Жағанова «Жан алқымда» – Сәуле; И. Ғайып «Шыңғысхан» – Күлал; И. Вовнянко «Апат» – Ұлпан; С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» – Қалиса; У. Шекспир «Гамлет» – Гертруда; У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Леди Капулетти; Ә. Әмзеев «Қара кемпір» – Қали; М. Кәрім «Ай тұтылған түн» – Таңқабике т.б.

М.Лермонтов атындағы орыс драма театрында «Лед и жар» спектаклінде Әйгерім рөлін сомдады. Бұл қойылым Германияда өткен театр фестивалінде бас жүлдеге ие болды. Актрисаның соңғы жылдар ішінде орындаған рөлдері  шеберлік қырларын біртіндеп игере бастаған, жаны сергек, еңбекқор жанның рухани толыса түскендігінің куәсі.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасындағы рөлдері: Д. Рамазан «Кенесары-Күнімжан» – Қадиша; Е. Жуасбек «Антивирус» – Нафиса; Ф. Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Динаның анасы; Ғ. Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» – Дәмелі; А. Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – Анасы; Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна д’Арк» – Анасы;        Б. Минору «Әзәзіл» – Бірінші әйел; Ә. Тарази «Үкілі жұлдыз» – Ай; С. Балғабаев «Ең жақсы еркек» – Меңгеруші; Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – Анасы;Т.Теменов «Аққудың көз жасы…» – Енесі; Е.Шварц «Күлшеқыз» ертегісі – Өгей шеше; Р.Мұқанова «Сарра» драмасы – Құт Ана; А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің…») – Дорис; Э.Шмитт «Хат» – Роза әжей.

Кинода:  

Майра Омар – сан қырлылығы мен ұлттық нақышта ана, әйел кейіпкер бейнесін сомдаудағы ерекшелігімен көрерменнің сүйікті актрисасына айналған. Сонымен қатар үлкен экрандарға жол тартатын шетелдік фильмдердің қазақ тілінде дыбысталуына өз үлесін қосып келеді.

Отандық кино өнерінде Актриса ойнаған рөлдер: Режиссер Т.Теменовтің  «Жетімдер үйі» – Тәрбиеші(1984),  «Менің күнәлі періштем» – Ана (2011),Б.Шәріптің «Шолпанның күнәсі» фильмінде – Зүбайра(2001), Ж.Жетіруовтің «Аққыз» фильмінде – Анар (2008),   «Армандастар» – Ана (реж: Е.Сағынов «Қазақфильм» (2012), Д.Жолжақсыновтың «Құнанбай» (2015) фильмінде – Күңке, А.Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» (2012) фильмінде – Бәйбіше, А.Ұзабаевтың «Абайлаңыз, сиыр» (2014) комедиясында – Гүлзия, Н.Адамбаев «Тараз» – Анасы (2016),

Мереке Мұқанның «04-29» (2016) көркем фильмінде – Ана, «Мы из Сандықтау» (2017) комедиясында – Алтын апа бейнелерін асқан шеберлікпен ойнады.

 

Телехикаяларда:  «Ағайындылар» – Айша, ( Отбасылық телефильм «Sataifilm», 2009 ж.)    реж:А.Сатаев. «Болашақ» – Алмагүл, (Отбасылық телефильм «Sataifilm», 2011 ж) реж:С.Өтепбергенов. «Армандастар» – Ана («Қазақфильм», 2012 ж) реж: Е.Сағынов. «Ұлжан» – Ана (Отбасылық телефильм «Қазақфильм», 2013 ж) реж:С.Өтепбергенов. «Сұңқар» – Алмагүл (Әлеуметтік телефильм «Sataifilm», 2013 ж) реж:Ж.Пошанов. «Достық жәрмеңкесі» – Әйел (Отбасылық телефильм «Хабар», 2015 ж) реж: А.Ұзабаев. «Шырмауық» – Ана (Отбасылық телефильм «MG Productions», 2015 ж) реж: Е.Нұрмұхаммедов. «Аяулы арман» – Айнагүл (Отбасылық телефильм «Қазақфильм», 2015 ж) реж: А.Драникова, А.Гончаров. «Өгей жүрек» – Ұстаз ( Отбасылық телефильм «Хабар», 2017 ж) Реж: Асқар Ұзабаев.

Сонымен қатар Е.Касимановтың «Мансапқорлар», «Қарға мен қыз» телеспектакльдерінде басты рөлді сомдады.

 

Марапаттары:

1985 жылы «Әтір сауыты» қойылымындағы шығармашылық жұмысы үшін Құрмет грамотасына ие болды.

«Наурыз-97» фестваліндегі «Ең жақсы әйел бейнесін» сомдағаны үшін ҚР Мәдениет министрлігі атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

  • жылы Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды.

1992 жылы Е. Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» драмасында Сағима бейнесін көркем сомдағаны және бүгінгі қазақ жастарының жиынтық бейнесін жасап, өмір тынысын көркем зерделегені үшін «Қазақстан Жастар Одағы» сыйлығына ие болды.