ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫ - ҚЫЗЫЛОРДАДА!

НҰР-СҰЛТАН қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Қызылорда қаласында 15-20 сәуір аралығында өтетін гастрольдік қойылымдары өтеді.

2019 жылдың 15-20 сәуір аралығында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Қызылорда қаласында гастрольдік сапары өтеді. Қаллеки театрының ұжымы бір апта көлемінде Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына 7 спектакльді тарту етпек, олар: Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы, «Қызыл орамалды шынарым» /лирикалық драмасы/; С.Тұрғынбекұлының «Шәмші» /элегиясы/, Р.Отарбаевтың «Әміре» /драмасы/, Р.Кунидың «Туған күн» /комедиясы/, М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасы, М.Машадудың «Бразилия байлығы» ертегісі. Спектакльдер – Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театры сахнасында өтеді. Театр өнерінің дамуына үлесін қосып жүрген Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Қызылорда қаласына жасап отырған бұл сапарының бірден-бір мақсаты - қала тұрғындарына Нұр-Сұлтан қаласының мәдениетін паш ету және де екі театрдың бір-бірімен тәжірбие алмасуына септігін тигізу болып табылады. 15-19 сәуір аралығында сағат:11.00 Балаларға арналған М. Машадудың «Бразилия байлығы» атты ертегісін ұсынады. Режиссері: Ә.Оразбеков

ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫ - ҚЫЗЫЛОРДАДА!

НҰР-СҰЛТАН қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Қызылорда қаласында 15-20 сәуір аралығында өтетін гастрольдік қойылымдары өтеді.

Подробнее

ҚАЛЛЕКИ театры У.Шекспир "ОТЕЛЛО" трагедиясының ПРЕМЬЕРАСЫН ұсынады.

11 сәуір күні сағат:19.00 "Бейбітшілік және Келісім сарайы" сахнасында "ОТЕЛЛО" спектаклінің премьерасы өтеді.

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр