Билет сатып алу
«СИМФО-ХИТ» (әлемдік хит әндер)

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының симфониялық оркестрі көрермен назарына «Симфо-хит» атты әлемдік хит әндерін ұсынады. Оркестрдің жетекшісі әрі  бас дирижері – Мәдениет саласының үздігі, халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бейсембаев.

 

Мерекелік концертте Europe «The Final Countdown», Cher «Strong Enough», Lp «Lost on you», ABBA «Gimme! Gimme! Gimme!», Celine Dion «A song for you», JCS тобы «Жизнь была бы сказкой», Батырхан Шүкеновтың әндерінен попурри т.б әндер орындалады.

 

Концертке халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Көкеев, халықаралық байқаулардың лауреаттары Анель Исина, Алибек Саликов, театр әртістері Ақжан Құрмашева және Біржан Жүнісов қатысады.