ОМАРХАНОВА РЫМКЕШ

Актриса, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі

Рымкеш Омарханова - 1939 жылы 30 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Жаңа негіз бөлімшесі Сарытау ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Қарағанды музыкалық училищесінде оқыды. Осы жылдары Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы қазақ музыкалық драма театрында актриса ретінде қызмет жасады. 1990 жылы Целиноград қаласының әкімшілігінің шақыруымен қазақ театрын ашуға шақырылды. Қазіргі Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ашылуына ат салысып, осы күнге дейін еңбек етіп келеді. Рымкеш Омарханова өзінің өнер саласындағы көп жылғы еңбегінде көптеген дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды және облыстық, райондық депутаттыққа сайланды. 1957 жылы Қазақстан Жастар Одағы комитеті ұйымдастырған фестивалінде лауреат болды. 1969 жылы Қарағанды облысы бойынша депутаттыққа сайланды. 1976 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапаталды. 1983 жылы «Қазақстанның еңбегі сіңірген артисі» атағын алды. 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалі берілді. 2014 жылы Елбасының қолынан «Құрмет» орденін алды. 2014 жылы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында «АҚ САМАЙЛЫ АКТРИСА...» атты 75 жас мерейтойына арналып шығармашылық кеші өтті. Ойнаған рөлдері: Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» - Мақпал, «Қыз Жібек»-Төлегеннің анасы, М. Әуезов «Қаракөз» - Мөржан, «Еңлік-Кебек» - Еңлік, «Түнгі сарын» - Таңқыбике, Ш. Айтматов «Ана-Жер-Ана» -Толғанай, «Ақ кеме» - Кемпір, У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Джульетта, Қ. Бекхожин «Ұлан асу» - Айтолқын, А. Островский «Найзағай» - Катерина, С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Фармон, Қ. Ысқақов «Шырғалаң» - Қорлығайын, С. Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық» - Хадиша, «Ескі үйдегі кездесу» - Зейнеп, Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай» - Айсұлу, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Биғайша, А. Дударев «Кеш» - Ганна т.б.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр