ҚЫЛЫШБАЙ ГҮЛБАРШЫН РӘШКЕНҚЫЗЫ

актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

ҚЫЛЫШБАЙ ГҮЛБАРШЫН РӘШКЕНҚЫЗЫ- 1959 жылы 26 сәуір күні Ақмола облысы, Ақкөл ауданында дүниеге келді. 1976 жылы орта мектепті бітіріп (Көкшетау облысы,Қызылтау ауданы), Алматы қаласында М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының жанындағы екі жылдық театр студиясын бітіріп, Талдықорған қаласының қазақ драма театрында 1 жыл еңбек етті. 1979-1981 жылдары М.Әуезов атындағы академиялдық қазақ драма театрында қызмет атқарды. 1989 жылы Мәскеу қаласында, 1991 жылы Рига қаласында кәсіптік біліктілігін көтерді. 1995-1998 жылдары Алматы қаласы Т.Жүргенов атындағы өнер институтын сырттай бітірді. 1999 жылы Каирде өткен халықаралық театрлар фестивалінде өнер көрсетті. 1982-2003 жылдары Ж.Шанин атындағы Шымкент қазақ драма театрында қызмет істеді. 2004 жылдан бастап Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жұмыс атқарып келеді. Сомдаған рөлдері: Қ.Бекхожин «Ұлан асу» - Айтолқын, Ә.Әбішев «Мәди» - Келбет, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» - Баян, Н.Островский «Найзағай» - Катерина, М.Әуезов «Қарагөз» - Мөржан, «Қарақыпшақ Қобыланды» - Қарлыға, Ш.Айтматов «Ана–Жер–Ана» - Әлиман, Толғанай, «Ғасырдан да ұзақ күн» - Айзада, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» - Гүлбаршын, В.Дельмар «Баянсыз бақ» - Анита, Мольер «Скапеннің айласы» - Зербинетта, У.Шекспир «Ромео – Джульетта» - Леди Капулетти, Б.Ұзақов «Жандауа» - Ана, С.Тұрғынбекұлы «Мұқағали» - Лашын, А.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Бану, Е.Жуасбек «Үйлену» - Мерек, «Антивирус» - Зульфия, М.Ғаппаров, Ғ.Ғаппарова «Қуыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кеші» - Еркеайым, Э.Хушвақтов «Қызыл алма» - Әже, Ә.Тауасаров «Махаббат аралы» - Айна, Б.Римова «Абай – Әйгерім» - Салтанат, Т.Джюдженоглу «Көшкін» - әйел, И.Сапарбаев «Ресторан» - Гүлдана, Ә.Әбішев «Бәріңе,бәріңе» - Әсем, Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» - Дина Нұрпейісова, А. Айларов «Сүрінген сүрбойдақ» - Дзерасса. Халық ертегісі «Ер Төстік» - ертекші. Жетістіктері: 2004 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2012 жылы Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы қарсаңында актрисаға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. 2018 жылы Қаллеки театрының қос артистері, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Гүлбаршын Қылышбай және Жанқалдыбек Төленбаевтың тандемінде құрылған «САХНА» театры өздерінің алғашқы жүлдесін 2019 жылдың 27-наурыз Халықаралық Театр күнінде Қырғыз Республикасында өткен театр фестиваліне драматург Ж.Кулмамбетовтың «СЕН ЕКЕУІМІЗ» спектаклімен қатысып, «ЭРГҮҮ-2019» Ұлттық театр сыйлығын «Қырғыз авторының шығармасын сахналаған Үздік шетелдік театр» номинациясы бойынша жеңіп алды. Фильмдегі рөлдері: «Астана – махаббат мекені» - Ана рөлі, «Өмір сабақтары» - Ана.

Спектакли в театре:

ПРЕМЬЕРА!

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры маусым айының 5-6 күндері сағат:19.00де "КАБАРЕ ЖҰЛДЫЗЫ" музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Подробнее

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Спектакльдерге билет бағасы туралы мәлімет

Подробнее

Государственный академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева
Нур-Султан, Омарова, 47Б
Карта сайта | Новости | Пресса | Театр | Репертуар на июнь | Персоны | Спектакли | Театр