1984 жылы 29 қаңтарда Ақмола облысы Атбасар қаласында дүниеге келді.
1991 жылы Қорғалжындағы №1 орта мектепте білім алды. 1993-1999 жылдары Атбасардағы №7 қазақ орта мектебін бітірді. 1999-2002 жылдары №9 кәсіптік техникалық лицейде оқыды. 1996-2001 жылдары Атбасардағы музыкалық мектептің домбыра бөлімін тәмадады.
2003-2007 жылдары Қазақ ұлттық музыка академиясында актер шеберлігі мамандығы бойынша Ю.И.Ханинга-Бекназардың курсында білім алды. Академия қабырғасында жүріп ойнаған рөлдері: «Сны о Булгакове» – Белла, «Зайкина квартира» – Алла, «Бег» – Сирофима. «Место встречи поездов» – Алевтина.
2004 жылы Халықаралық «Шабыт» фестиваліне О.Сүлейменов пен П.Васильевтің өлеңдерінен құралған «Жалпақ дала жаңғырығы» спектаклімен қатысып, драмалық өнер лауреаты болды.
2007 жылы Мәскеуде өткен «Твой шанс 2007» студенттік және дипломдық спектакльдер фестивалінің лауреаты атанды.
2007 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы қызметін атқарып келеді.
2010–2011 жылдары Ресей Федерациясындағы «Жоғары ұлттық теледидар және радио мектебінде» кәсіби қайта даярлаудан өтіп, «Телерадио жүргізуші шеберлігі» мамандығы бойынша диплом алды.
Театр сахнасындағы рөлдері:
Б.Ұзақов «Үміт» – Шолпан
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Ботка
М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Зәуреш
В.Дельмар «Баянсыз бақ» – Рода
О.Бөкей «Құлыным менің» – Анар
Е.Жуасбек «Үйлену» – Зерек
Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» – Шынар
Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай» – Күнсұлу
А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – Энкарна
Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Топыш
Ә.Тарази «Үкілі жұлдыз» – Мем
Р.Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – Жанна
С.Балғабаев «Ең жақсы еркек» – Сылқым әйел
В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Ниночка
О.Жарайдаров «Жұт» – Сәуле
Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Генералдың әйелі
Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш
Қ.Жетіпсбаев «Бала мерген» – Ақбалдақ.
Э.Шмитт «Хат» – Оскардың анасы.
Ж.Шайхисламұлы, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Қыздар тобы.
Қ.Жиенбай «Патша көңілім, не дейсің?!.» – Көркем.
Б.Брехт «Шеңбер» – Шаруа кемпір.
2016 жылы Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған шарада Астана қаласының әкімі тағайындаған «Үздік актриса» номинациясымен марапатталды.
2021 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.
2022, 2024 жылдары Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.
2024 жылы А.Карпсеитова басты рөлдердің бірін сомдайтын «Жұт» қойылымы Уфа қаласында көрсетілді. Арнайы көрсетілім Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры мен М.Ғафури атындағы Башқұрт мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық бірлестігі аясында ұсынылды. Халықаралық жобаның ерекшелігі – алғаш рет екі елдің театрлары бір сахнада кездесіп, бір қойылымда өнер көрсетті. Спектакльдегі Сәуле рөлін жоғары деңгейде орындап, халықаралық театр ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесі үшін Башқұртстан Республикасының Мәдениет министрінің атынан Алғыс хатпен марапатталды.
2025 жылдың 16-17 мамырда «Шеңбер» атты қойылымның премьерасында өнер көрсетті. Қойылым неміс драматургі Б.Брехттің «Кавказдағы борлы шеңбер» пьесасының желісімен сахналанған. Қазақ тіліне аударған – Зұлқарнай Сақиұлы. Спектакльдің қоюшы режиссері – Ұлан Қабыл. 2025 жылдың 18–23 қыркүйек аралығында «Шеңбер» спектаклімен – Алматы қаласында өткен ІІ Республикалық жас режиссерлер театр фестивалінде өнер көрсетті.
Карпсеитова Айман Жетпісқызы – қазақ театр өнерінде үздіксіз еңбек етіп жүрген актриса, педагог ретінде танымал.

