Билет сатып алу
Карпсейітова Айман Жетпісқызы

1984 жылы 29 қаңтарда Ақмола облысы Атбасар қаласында дүниеге келді.

1991 жылы  Қорғалжындағы №1 орта мектепте білім алды. 1993-1999 жылдары Атбасардағы №7 қазақ орта мектебін бітірді. 1999-2002 жылдары №9 кәсіптік техникалық   лицейде оқыды. 1996-2001 жылдары Атбасардағы музыкалық мектептің домбыра бөлімін тәмадады.

2003-2007 жылдары Қазақ ұлттық музыка академиясында актер шеберлігі мамандығы бойынша Ю.И.Ханинга-Бекназардың курсында білім алды. Академия қабырғасында жүріп ойнаған рөлдері: «Сны о Булгакове» –  Белла, «Зайкина квартира» – Алла, «Бег» – Сирофима. «Место встречи поездов» – Алевтина.

2004 жылы Халықаралық «Шабыт» фестиваліне О.Сүлейменов пен П.Васильевтің өлеңдерінен құралған «Жалпақ дала жаңғырығы» спектаклімен қатысып, драмалық өнер лауреаты болды.

2007 жылы Мәскеуде өткен «Твой шанс 2007» студенттік және дипломдық спектакльдер фестивалінің лауреаты атанды.

2007 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ  музыкалық драма театрының актрисасы  қызметін атқарып келеді.

Театр сахнасындағы рөлдері:

Б.Ұзақов «Үміт» – Шолпан

Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Ботка

М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Зәуреш

В.Дельмар «Баянсыз бақ» – Рода

О.Бөкей «Құлыным менің» – Анар

Е.Жуасбек «Үйлену» – Зерек

Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» – Шынар

Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай» – Күнсұлу

А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – Энкарна

Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» – Топыш

Ә.Тарази «Үкілі жұлдыз» – Мем

Р.Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – Жанна

С.Балғабаев «Ең жақсы еркек» – Сылқым әйел

В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Ниночка

О.Жарайдаров «Жұт» – Сәуле

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Генералдың әйелі

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Көш

2021 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.