- Жанр: драма
- Ұзақтығы: 1 сағат 50 минут
- Антракт: бар
- Жас санаты: 12+
- қоюшы режиссері: Әлімбек Оразбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- қоюшы суретші: Берік Бурбаев
- музыкасын құрастырған: Қайрат Тоқымбетов
- киім үлгісінің суретшісі: Шынар Елембаева
- сахна сайысын қойған: Олжас Жақыпбек
- дыбыс режиссері: Гүлнафис Әминова
- режиссердің ассистенті: Сырым Қашқабаев
- режиссердің көмекшісі: Гүлжан Әбдібаева
- театрдың көркемдік жетекшісі: Талғат Теменов – Қазақстанның Халық артисі, профессор
Қазақ елінің маңдайына біткен атақты ақын, жалынды жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз, Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған Сәкен Сейфуллиннің 120-жылдық мерейтойы аясында аталмыш туынды театр сахнасына жол тартты. Тағдыры тар жол тайғақ кешумен өткен алаш қайраткері халқының келешегі жарқын, нұрлы болуын армандап, азат, еркін өмір сүруі үшін күресті. Алайда, большевиктермен болған идеологиялық майданда қызу тартысқа түсіп, өзі құрған өкімет Сейфуллиннің өзін де аямады. Режиссер Ә. Оразбеков сахналап отырған аталмыш қойылым ел құрметіне ие болған сырбаз Сәкеннің ғұмыр жолынан, ғибратты өмірінен сыр шертеді.