Рус Қаз Eng

Бектас Әнуар Болатұлы

Актер

1998 жылы 24 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Жалпақтал ауылында дүниеге келді.

2004-2005 жылдары К.Мендалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде, 2005-2010 жылдары Орал қаласындағы №30 орта мектепте, 2011-2015 ж.ж. Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде оқыды.

2015-2019 жылдары Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінің Д.Тұранқұлова және Оразхан Кенебаев шеберханасында «Актер» мамандығын оқыды.

Студенттік шақта ойнаған рөлдері:

– И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» – Жәнібек;

– Т.Ахтанов «Ант» – Әбілқайыр хан;

– М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Ақжігіт;

– М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Дәруіш;

– О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» – Оралхан;

– У.Шекспир «Лир патша» – Эдмунд;

– У.Шекспир «Макбет» – Малькольм;

– М.Кәрім «Күнәһар» – Диуана;

– И.Ғайып «Мен ішпеген у бар ма» – Көкбай;

– М.Шаханов «Танакөз» – Мұрат;

 

2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ муызкалық-драма театрының актері;

2022 жылы Әнуар Бектас басты рөлді сомдайтын «Ұйқым келмейді» /Авт: О.Бөкей  Реж: Б.Сұлтанғазы/ спектаклі V Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестиваліне шақырту алып, театр сарапшыларының назарына ұсынылды. Фестиваль нәтижесі бойынша «Ұйқым келмейді» драмасы үшін жас режиссер Б.Сұлтанғазы «Қадыр Рахымбайұлы Жетпісбай» атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.

Театр сахнасындағы рөлдері:

Т.Теменов «Ақ жауын» – Уәлихан

«Ер Төстік»  /халық ертегісі/ – Ер Төстік

М.Әуезов «Абай» – Әбдірахман

В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Пернебек Боранбаев

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» – Адъютант

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Шыңғыс

О.Бөкей «Ұйқым келмейді» – Жеңісхан.

Қ.Жетпісбаев «Бала мерген» – Бала мерген

И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Альфред

М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Жарас

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Жас Халифа Алтай.

Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Жантық

Е.Жуасбек «Үйлену» – Бөлек

П. Бомарше «Фигорның үйленуі» – Фигаро

Мұхтар Әуезов «Қарагөз» – Сырым

Ж. Әлікен «ЖҮРЕК СЫРЫ…Махаббатым сен…» – Cәбит

С.Қайырбек «Кешкі 7» – концерт спектакль – Актер

Г.Х.Андерсен «Ертегі түннің әуені» – Інісі

У.Шекспир “Romeo & Juliet” – Парис

 

Кино саласындағы  рөлдері:

2021 ж «Қаныш.Қазына» т/х – Ақтай Бөкейханов рөлі.  Режиссері – Е.Нұрмахамбетов.

2023 ж «Мал айы» /комедия/ – Айтуар басты рөл. Режиссері – А.Тоқтарханов.

2025 ж Халықаралық театр күніне орай ұйымдастырылған «Қаллеки тынысы» спектакльдер шеруінде  сарапшылар шешімі бойынша жас актер Әнуар Бектас «Үздік актер» номинациясымен марапатталды.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?