Рус Қаз Eng

Сәкен-Сұңқар

Қазақ елінің маңдайына біткен атақты ақын, жалынды жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаз, Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған Сәкен Сейфуллиннің 120-жылдық мерейтойы аясында аталмыш туынды театр сахнасына жол тартты. Тағдыры тар жол тайғақ кешумен өткен алаш қайраткері халқының келешегі жарқын, нұрлы болуын армандап, азат, еркін өмір сүруі үшін күресті. Алайда, большевиктермен болған идеологиялық майданда қызу тартысқа түсіп, өзі құрған өкімет Сейфуллиннің өзін де аямады. Режиссер Ә. Оразбеков сахналап отырған аталмыш қойылым ел құрметіне ие болған сырбаз Сәкеннің ғұмыр жолынан, ғибратты өмірінен сыр шертеді.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

СӘКЕН Сырым Қашқабаев

Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері

АХМЕТ Болат Ыбраев

Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері

ӘЛКЕЙ Самат Байыров

«Мәдениет саласының үздігі»

ГҮЛБАҺРАМ Алтынай Нөгербек

Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері

ҚАДЫРЖАН Жанқалдыбек Төленбаев

Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері

СЫДЫҚ Боранбай Молдабаев

Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері

ЕГОР Жанат Оспанов

Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты

ШӘКІРТТЕРІ Жасұлан Ерболат,  ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреатыОлжас Жақыпбек, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, Нұрсұлтан Есен, Дастан Әлімов “Мәдениет саласының үздігі”, Әнуар Бектас
ӨКІЛДЕР Шах-Мұрат Ордабаев  Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, Жәнібек Мұсаев «Мәдениет саласының үздігі».

 

Көпшілік сахнада театр артистері

Авторы: Қ.Жүнісов

Режиссер: Ә.Оразбеков

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 50 минут

05.04.2025, 18:00

Үлкен сахна

Билет сатып алу
Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?