Билет сатып алу
ProductS

ХАТ

Афиша туралы ақпарат:

Жанр: философиялық драма

Ұзақтығы: 1 сағ 30 мин

Антракт: жоқ

Жас санаты: 7+

 

Шығармашылық құрам:

 

Автор: Эрик-Эмманюэль Шмитт

Қоюшы режиссер: Рача Махатаев

Қоюшы суретші: Ильшат Вильданов

Хореограф: Асан Боранчин

Жарық беруші оператор: Самат Жалекенов

Дыбыс операторы: Қарлығаш Танабаева

Режиссер көмекшісі: Гүлжан Әбдібаева

 

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

ОСКАР                                    Инабат Әбенова

                                                  Алтынгүл Серкебаева

 

РОЗА ӘЖЕЙ                          Жанат Чайкина

                                                   Майра Омар

 

ОСКАРДЫҢ ӘКЕСІ             Ерғұлан Жанпейісов

                                                   Ерсін Айтмұқаш

 

ОСКАРДЫҢ  АНАСЫ          Арай Омарова

 

ДОКТОР                                Асылбек Қапаев

ДЮССЕЛЬДОРФ

                                                    Самат Байыров

 

ПЕГГИ БЛЮ                           Динара Егубаева

                                                    Амира Омарова

 

Н`ДА                                          Сая Тоқманғалиева 

                                                     Жанар Қасымова

 

 

Музыкамен көркемдеуші оркестр мүшелері:

Бақай Дина /скрипка/

Мұхамед Салтанат /скрипка/

Нұрпейісова Мадина /альт/

Канажанова Балжан /виолончель/

 

 

Біз, өмірге қатысты көптеген қателіктер жібереміз. Өмірдің сондай қысқа, алдамшы, бір-ақ сәттік екенін ұмытып кетеміз… елемейміз… ескермейміз… Өзімізді өлмейтіндей көреміз. Бұл өте қауіпті дерт сияқты.
Ал, Құдайды тану арқылы адамдардың өмірге деген көзқарасы өзгеретіні белгілі. Аталмыш қойылымның негізгі айтар ойы да осыған келіп саяды. Спектакльдегі басты кейіпкер Оскар, әуел баста Жаратқан иесіне мүлде сенбейді. Ол қатерлі ісікке шалдыққан. Бүкіл жаратылыс оған қарсы болып көрінеді. Бірақ, кейін мұның барлығы қателік екенін, ұғынады… түсінеді… Оның ойын өзгерткен кейіпкер – Алқызыл Бикеш, яғни, Роза әжей! Ол Оскардың көңілін аулау үшін небір ғажайыптар, түрлі аңыздар ойлап табады. Екі кейіпкердің арасындағы диолог кейде мұңға, кейде ойға батырып, кейде күлкі тудырады.
«Оскар және Алқызыл бикеш» шығармасы кең таралған туындылардың бірі. Француз жазушысы Эрик-Эмманюэль Шмиттің аталған туындысында қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалады. Адамдардың бойынан мейірім, қайырым, сүйіспеншілік қасиеттері жоғалған, қазіргі уақытта, бұл шығарманың маңызы, мәні зор болмақ.

Билет Сатып алу


Басқа афиша туралы ақпарат: