Рус Қаз Eng

ASTOR PIAZZOLLA «МАХАББАТ ТАНГОСЫ»

26 сәуір күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының сахнасында аргентиналық тангоның әсерлі әрі құштар әуендері шырқалады. Симфониялық оркестр TARSI көрермендерге әйгілі аргентиналық композитор Астор Пьяццолланың шығармашылығына арналған «Махаббат тангосы» атты концерттік бағдарламаны ұсынады.

Пьяццолла музыкасы – классикалық дәстүр, джаз еркіндігі және танго ырғағы тоғысқан ерекше әлем. Оның tango nuevo стилі танго өнеріне жаңа тыныс беріп, бұл жанрды әлемдік концерттік сахналарға алып шықты. Композитор шығармаларында нәзік лирика, терең сезім және жалынды құштарлық үндеседі.

Концерт бағдарламасында Астор Пьяццолла мен оның ізбасары Ришар Гальяноның танымал шығармалары

Бас дирижер: Ерлан Бейсембаев, Мәдениет саласының үздігі
Жанры: концерт

26.04.2026, 18:00

Үлкен сахна

Билет сатып алу
Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?