Билет сатып алу
Аймағамбет Айман Өтегенқызы

Аймағамбет Айман Өтегенқызы – 1959 жылы  9 қарашада Жезқазған облысы, Қарсақбай ауылында дүниеге келді.

1967-1977 жылдары  Ж.Жабаев атындағы орта мектепті бітірген.

1978-1980 жылдары Жезқазған облыстық филармониясының «Жезкиік» ансамблінде әнші қызметін атқарған.

1980-1984 жылдары Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыка училищесінің әнші-дирижер факультетін бітірген.

1984-1989 жылдары Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы театр және көркемсурет институтының «кино және музыкалық драма актері» бөлімін үздік бітірді.

1989-1991 жылдары Жезқазған сазды драма театрында жұмыс істеді.

1991 жылдан бастап елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актриса қызметін атқарып келеді.Театрда қызмет жасаған жылдары Ташкент, Уфа, Германия, Ресей елдерінде гастрольдік сапарларда болды.

Театр сахнасындағы рөлдері:

М.Әуезов «Айман – Шолпан»  – Айман

М.Әуезов «Еңлік –  Кебек» – Еңлік

М.Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» – Күнекей

М.Әуезов «Қарагөз» – Ақбала, Үш әйел

Ғ.Мүсірепов  «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» – Таңсық

Фелиппе Эдуардо «Цилиндр» – Рита

И.Кальман «Сильва» – Сильва

Ф.Эрве «Түлкі Бикеш» – Карина

Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Ботка, Биғайша

Ш.Айтматов «Бетпе-бет» – Сейде

Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Найман ана

Ш.Айтматов «Ана–Жер–Ана» – Жер Ана

Ш.Айтматов «Арманым – Әселім» – Әсел

У.Гаджибеков «Аршын мал алан» – Гүлчаһра, Әсия

Қ.Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай» – Айсұлу, Милиционер

«Темір қатын» – Ғаламат

І.Жансүгіров, С.Назарбекұлы, Б.Әлдібеков «Махамбет» – Бәтима ханым

М.Шаханов «Желтоқсан рухы» – Күндестік

У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Күтуші

Ғ.Ғаппарова, М.Ғаппаров «Қуыршақ немесе қызғаншақ қыздардың кеші» – Перизат

ЭХушвақтов «Қызыл алма» – Әже

А.Цагарели «Гамарджоба!» – Кабото

Е.Жуасбек «Антивирус» – Зульфия

С.Балғабаев – «Ең жақсы еркек» – Ақкербез

А.Чехов «Шие» – Шарлотта

Ұ.Есдәулет «Зере» – Тыржыққыз

А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Люсиль

 

Марапаттары: 1991 жылы «Құрмет» грамотасының иегері.

2005 жылы ХІІІ Республикалық театр фестивалінде Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» спектакліндегі Ана рөлі үшін «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясының иегері.

2010, 2012, 2013 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының бірнеше мәрте Алғас хат иегері.

2016 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

2016 жылы актриса Айман Аймағамбет Шарлотта рөлін кескіндеген А.Чеховтың «Шие» комедиясы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан драма театрларының XXIV республикалық  фестивалінен  «Үздік спектакль» номинациясы иегері атанса, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Орта Азия  мемлекеттерінің «Қазақстан – Еуразия жүрегі» VI халықаралық Қазақстан  драма  театрларының фестивалінен Бас жүлдеге ие болды.

– 2017 жылы «Шие» комедиясы Челябі қаласында (Ресей)  «CHELoBEK ТЕАТРА»  V Халықаралық кіші форм театр фестиваліне, Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының XIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне  қатысып, театр сарапшыларының жоғарғы бағасын алды. Қоюшы режиссері – Якутиядан арнайы  шақыртылған  танымал  театр және кино режиссері, Якутияның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресейдің ұлттық театрларының арасында өтетін «Золотая маска» сыйлығының иегері  Сергей Потапов.