Билет сатып алу
Батырханова Бақытгүл Қамешқызы

1970 жылы 7 мамырда Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет ауылында дүниеге келді. 1986 жылы 2 орта мектепті бітірді.

1989-1991 жылдары Алматы қаласындағы Республикалық студияның қуыршақ бөлімін  тәмамдады.

2002-2005 жылдары Қазақ Ұлттық музыка академиясындағы театр және  кино факультетін актер мамандығы бойынша бітірді.

1997 жылдан бастап  елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында актрисасы;

 

Театр сахнасындағы рөлдері:

Е.Елубаев «Асар» – Әтеш; Ю.Проданов

Б.Бреев  «Приключение  в стране музыкании» – Диссонанс

В.Арсекев «Волшебная трава» – Қой

М.Ақынжанов «Алтын сақа» – Күнбала

У.Лейс «Айға ұшқан Буратино» – Буратино

М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» – Ляззат

Б.Ұзақов «Шытырман оқиға» – Аққозы

Т.Ахтанов  «Жоғалған дос» – Ғалия

А.Нүрпейісов «Қан мен тер» – Қарақатын

Ғ.Ғаппарова, Т.Ғаппаров  «Қуыршақ» – Мадина

В.Дельмар «Баянсыз бақ» – Карташы әйел

С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Келін

М.Әуезов «Қыз Жібек» – хор, би

М.Әуезов «Қарагөз» – хор, би,

Б.Ұзақов «Жандауа» – Қыз

Б.Ұзақов «Үміт» – Әлия

Ш.Айтматов «Ақ кеме» – Бекей

М.Әуезов «Айман – Шолпан» – Шолпан тобындағы қыздардың бірі

М.Фриш «Дон-Жуанның думаны» – Донна Инес

Б.Минору «Әзәзіл» – Төртінші әйел

Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Қыздар-ай» – Күзетші

Ш.Мұртаза «Бір кем дүние» – Сауыр көк

М.Машаду «Бразилия байлығы» – Әже

«Алқызыл гүл» – Риса, Кикимора

Ш.Айтматов «Ана – Жер-Ана» – Айша

«Ер Төстік» халық ертегісі – Мыстан кемпір

С.Балғабаев «Ең жақсы еркек» – Мадина Магдалена

Ш.Айтматов «Аққудың көз жасы…» – Өсекші әйел

М.Әуезов «Қорғансыздың күні» – Дүйсеннің әйелі

Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Қызметші

Э.Хушвақтов «Қызыл алма» – Саида Бану

 

Телехикаялар: «Елім-ай» – Дәметкен, режиссері Айтуаров. «Үзілмес үміт» – Ана, режиссері Ерлан Нурмухамбетов. «Екі жүз» – Жарқын, режиссері Данияр Абдрахманов. «Бессоница» – Мебдике, режиссері: Светлана Петерчук (Ресей). «Өмір сабақтары» Бауыржан Ибрагимовпен: «Ор қазу» – басты рөл –  Айман, «Ауыз бекітудің әдептері» – Сатушы әйел; «Өзгеге сенім білдіріп опық жеген жан» – басты рөл Айсұлу; «Қайырымдылық жасау ұлт таңдамайды» – басты рөл Маржан, режиссер: Айбол Сейілхан.

2020 жылы өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеуге, халық шығармашылығын жетілдіруге, ұлттық мәдениетімізді дамытуға қосқан сүбелі үлесі және салалық кәсіподақ қозғалысындағы белсенді қызметі үшін

“Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігі атынан «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды.

2021 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

2021 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.