1994 жылы 27 қаңтар күні Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.
2009-2013 жылдар аралығында Павлодар облысында Чайковский атындағы музыкалық колледжінде білім алды.
2013-2017 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде «Драма театры және кино әртісі» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақыш Омар мен Жанқалдыбек Төленбаевтың шеберханасында оқыды.
2019 ж бастап Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;
Театр сахнасындағы рөлдері:
И.Кальман «Кабаре жұлдызы» музыкалық комедия – Эдвин, Ронс
А.Вампилов «Ақ жауын» мұңлы комедия – Жеңіс Бейсекенов
Т.Әсемқұлов «Құнанбай» драма – Жас Абай
С.Тұрғынбекұлы «Шәмші» элегия – Шәмші
М.Әуезов «Айман-Шолпан» музыкалық комедия – Арыстан
Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Омар, Көш
Кинодағы рөлдері:
2016 жыл «Қармен жуылған қан» к/т – Алихан Сейдахметов; режиссері Ануар Райбаев;
2017 жыл «Екі жүз» т/х – актёр Дәулет Жанасұлы, Режиссері Данияр Әбдірахманов
2018 жыл «Топыраққа тамған тер» т/х – Естай Сұлтанұлы, режиссері Төлеген Бейсет;
2021 ж «5:32» веб сериалы – Думан, режиссері Әлішер Утев.
Әлемдік кинотуындылардың кейіпкерлерін қазақ тіліне дыбыстау
арқылы дубляж саласының дамуына өз үлесін қосып келеді.
2021 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат тқызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.