Рус Қаз Eng

Болат Қобыланды

Актер, "Құрмет" грамотасының иегері

1994 жылы 27 қаңтар күні Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.

2009-2013 жылдар аралығында Павлодар облысында Чайковский атындағы музыкалық колледжінде білім алды.

2013-2017 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде «Драма театры және кино әртісі» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақыш Омар мен Жанқалдыбек Төленбаевтың шеберханасында оқыды.

2019 ж бастап Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері;

Театр сахнасындағы рөлдері:

И.Кальман «Кабаре жұлдызы» музыкалық комедия – Эдвин, Ронс

А.Вампилов «Ақ жауын» мұңлы комедия – Жеңіс Бейсекенов

Т.Әсемқұлов «Құнанбай» драма – Жас Абай

С.Тұрғынбекұлы «Шәмші» элегия – Шәмші

М.Әуезов «Айман-Шолпан» музыкалық комедия – Арыстан

Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» – Омар, Көш

Қ.Жетпісбаев «Бала мерген» ертегі – Жендет,

С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» мелодрама – Ғайыпберген,

Д.Рамазан «Жошы хан» тарихи драма – Сарбаз, Қарауыл,

М.Әуезов «Қарагөз» трагедия – Нарша.

У.Шекспир “Romeo & Juliet” – Тибальт

М.Жұмабаев “Шолпанның күнәсі” – Сәрсенбай

2021 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен», 2023 жылы «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

Кино саласындағы рөлдері:

2016 жыл «Қармен жуылған қан» к/т – Алихан Сейдахметов;

2017 жыл «Екі жүз»т/х – актёр Дәулет Жанасұлы,

2018 жыл «Топыраққа тамған тер» т/х – Естай Сұлтанұлы,

2021 ж «5:32» веб сериалы– Думан,

2023 жылы «Келінжан» телехикаясы.

Әлемдік кинотуындылардың кейіпкерлерін қазақ тіліне дыбыстау арқылы дубляж саласына өз үлесін қосып келеді.

Біздің театрға қаншалықты жиі келесіз?