Билет сатып алу
Жүнісов Біржан Қанатұлы

Жүнісов Біржан Қанатұлы – 2000 жылы 1 маусымда Семей облысы Аягөз ауданында дүниеге келді.

2006-2017 жылдары Астана қаласы, №38, №10, №69 мектептерінде оқыды.

2017-2021 жылдары Астана қаласы, Қазақ ұлттық Өнер Университетінде «Драма театр және кино» мамандығын оқыды.

2021 жылдан бастап Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері.

  Театр сахнасындағы рөлдері: И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы»(Жарқанат) –Орловский, М.Әуезов «Айман-Шолпан» -Әлібек, Т.Әсемқұлов «Құнанбай» -жас Құнанбай, Е.Жусабек «Үйлену» -Бөлек, Э.Хушватцов «Қызыл алма» – Аббас, Д.Рамазан «Жошы Хан» -Төле.

2022-2023 жылдары әскерде болған.