Билет сатып алу
Малғаждарова Аяужан Серғазықызы

Малғаждарова Аяужан Серғазықызы 1996 жылы 1 наурызда ШҚО, Күршім ауданы, Теректі ауылында дүниеге келген.

 

2011 жылы №45 жалпы орта мектепті тәмамдаған. (Өскемен қаласы)

2011-2015 жыл аралығында Ағайынды  Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде хор дирижері мамандығын оқыған

2015-2019 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында театр және кино актрисасы Гүлнар Аманжанова Бекенқызының шеберханасына оқуға түсіп ,

“Музыкалық театр және кино артисі” мамандығы бойынша тәлім алған.

2019 жылы қазіргі Нұр-сұлтан қаласындағы “Astana musical” театрына толыққанды маман ретінде жұмысқа қабылданды . Сахнадағы ролдері: Шарипов, Ш. Маман, А. Сахаман, Ә. Бағдат “Роза Бағланова” – Розаның келіні

Ә.Бағдат “Шаңырақ” – келін

2023 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында еңбек жолын жалғастырып келеді.

Театр сахнасындағы рөлдері:

С.Балғабаев “Қыз жиырмаға толғанда” -Гауһар

Э.Хушвақтов “Қызыл алма” -Рушана

Ғ.Мүсірепов, Ж. Шайхисламұлы “Қыз Жібек”- Жібек