Билет сатып алу
Мамыр  Ақжол  Серікұлы

Мамыр Ақжол Серікұлы – 1999 жылы қазіргі Түкістан облысы, Темірлан елді мекені, Амангелді ауылында дүниеге келген.

2016-2020 жылдар аралығында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша Қазақстанның Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасында тәлім алды.

2021 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының актері.

 Театр сахнасындағы рөлдері: Р.Мұқанова «Бопай ханым» – Шыңғыс, И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Орманшы, М.Әуезов «Айман-Шолпан» – Арыстан тобындағы жігіт, А.Менчелл «Күзгі іңір» («Сен маған керексің») – Эд, Х.Алтай, Х.Оралтай «Алтайдан ауған ел» –  Кісі киік, Көш, Ғ.Мүсірепов «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» – Таңқы. Ж.Шайхисламұлы.Ғ.Мүсірепов “Қыз Жібек”  – Сансызбай.

Кино саласындағы рөлдері: «Бір оқиға тарихы» – Рамазан, 2022 ж «1286»  веб сериалы (Режиссері – Ә.Утев) – Хасан рөлі.